Гарантия бере алмаған «Гарант 24»

Оңай жолмен олжа тапқысы келгендер, сау болыңдар! Бұл бірнеше күн бұрын қаржы пирамидасына қыруар қаржы салып, сан соғып қалған жұртқа “Гарант 24“-тің директоры Аслан Мұрзабековтың жолдаған сәлемдемесі. Күдікті 5 млрд теңгені қалтаға басып, аспай-саспай шетел өтіп кеткен. Сөйтіп, он мыңдаған адам жер сипап қалды. Ал, полиция өкілдері болса қыруар қаржының 40 млндайын ғана қайтара алды. Ұрланған соманың жанында бұл жыртықты да жамауға келмейтіні анық қой енді. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top