ҚазҰУ. Аптаның айшықты оқиғалары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қарашаның 22-сінен 28-іне дейін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай арнайы апталық өтті. Қандай шаралар ұйымдастырылды? Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев Неапольдағы L’Orientale университетінің Азия, Африка және Жерорта теңізі зерттеулері факультетінің доценті Томмазо Тревизанимен кездесу өткізді. Сонымен қатар, университет басшысы Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығына арнайы барды. #КазНУ #KazNU #Farabimedia
Back to Top