Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше бай тіл.

Instagram: TikTok: @ Тіл мәселесі – тұтас ұлттың басты проблемасы. Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше бай тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз болмаса, бұл тілдің құдіреті ерекше. Тіл – халықтың басты қарым-қатынас құралы. «Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды» деген Қадыр Мырза атамыз нақылдап кеткендей, тілсіз халық түгіл жеке тұлға өмірін елестету қиын. Толыққанды адам ретінде өмір сүрудің негізгі кілті – қоршаған ортамен байланыс болса, бұл байланысты қамтамасыз ететін басты элемент – тіл. Тіл мәселесі - тұтас ұлттың басты проблемасы. Қазіргі таңда Қазақстан талай жетістіктерге жетіп, біраз елге өз атын таныстырып үлгергені рас.Алайда бұл мүлдем проблемалар жоқ деген сөзді білдірмейді.Біздің мемлекеттің ауыз толтырып айттаын проблемалары өте көп.Соның бірі-тіл проблемасы.. Ал бүгінде егемен ел Қазақстан ретіндегі тәуелсіздік жағдайындағы мемлекеттік тілдің хал-ахуалы қандай? Елімізде ұлттық тілдің мәселесі сан жылдар бойы кезек күттірмейтін, кеселі көп мәселе болып келеді. Кезек күттірмейтін дейтін себебіміз,бүгінде, қазақ тілінің хал-ахуалы бірқалыпты жағдайда емес. Мемлекеттік статусы болғанымен, көп жағдайда қолданылу аясының тарылып бара жатқаны да байқалады. Қоғамда ана тілім- қазақ тілі деп айта алғанымен, ана тілінде сөйлеуге шорқақ немесе тіпті де сөйлеу білмейтін қазақ азаматтары бар. Тіпті қарапайым халықты қойып, аты дардай депутаттарымыздың қазақ тілінде жасаған мәлімдемелерін естігенде, жағамызды ұстаймыз, бірақ ана тілімізге шорқақ жандарды қазақша сөйлеуге міндеттейтін заңның да барын ескере кеткен абзал болар. Тілге деген әу бастағы немқұрайдылықтың соңы, ақыры, оны жоғалтуға, ауыр қасіретке әкеліп тірейтіндігінің бір мысалы осы болса керек. Негізі, әр ұлт өкілі өз ана тілінің қадірін біліп, таза сөйлеуге, қандас бауырлар өзара ана тілінде ғана қарым-қатынас жасауға машықтанса, бұл дегеніңіз аса көп қаржы-қаражат талап етпейтін, қыруар күш пен еңбекке мәжбүрлемейтін оп-оңай-ақ дүние .Тілдің арқасында ғана ата-бабамыздың өсиеттері, ырым-тиымдары, салт-санасы бүгінге дейін сақталды. Ендеше, біз күш-қуатты да, білім-ғылымды да ана тіліміз арқылы ғана аламыз. Біз үшін де маңыздысы – ұлттық ерекшелігімізді жоғалтпау, тарихымыздың, мәдениетіміздің, ана тіліміздің қаймағын бұзбай сақтау. Бұл проблеманы жақсылап қолға алмаса бөліп жатқан қаражаттан пайда жоқ.Менің ойымша Басқа тілдердегідей қаза тіліне үйренушілерге белгілі деңгей қойып, қызықты әрі оңай әдіспен үйрететін қазақ курстарын ашу керек.Сонымен қатар, қазақша тіл білетін мамандарға бөлек бонус беріліп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге қатысты жұмыстар жүргізілуі тиіс деп ойлаймын. Қорытындылай келе қазақ тілінің бүгінгі ахуалы өзекті мәселе. Ұлттың тілі-ұлттың ділі демекші, ұлтымызды өз тарихымызды ,өз дәсиүрімізді, өз мәдениетімізді және тілімізді сақтайық.Ана тіліміздің абыройын асқақтатып, елімізде қазақ тілінің мәртебесін жоғарлатайық.Өз тілімізді өзіміз сыйламасақ, басқа ұлт өкілі қалай сыйламақ?!
Back to Top