2021 жылы экономика өсуі мүмкін

2021 жылдың бірінші жарты жылдығында елдің ішкі жалпы өнімі екі жарым пайызға дейін кемуі мүмкін, ал екінші жартыжылдықта 4 пайызға дейін өседі. Бұл әсіресе биыл дағдарыстың ащы дәмін татқан еліміз үшін ақжолтай жаңалық. Эпид ахуал тұрақтанса халықтың тұтынушылық белсенділігі артып, шағын және орта бизнестің де тамырына қан жүгіре бастауы тиіс. Бұл ұлттық банктің болжамдары. Мұнай бағасына келсек ол бареліне 40 доллардың арғы бергі жағында болады. Әрине бөрікті аспанға ататын, ауыздан ақ май ағатын күннен алыс десе де, біртіндеп экономиканың тынысы кеңеюіне алғышарттар жоқ емес. Десе де тек үмітпен емес, нақты талдаулардан түзілген есептеулерге иек артсақ. Сарапшылардың салқынқанды болжамдары не дейді? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top