Асқар Жүнісбеков - Боз орамал (БейнеМәтін)

======================================== Сөзі Мұқағали Мақатаев Әні Тынышбай Рақым ======================================== Кетпейтін көңілімнен сен бір өлең, Ғашық ем көздеріңе мөлдіреген, сәулем Қып-қызыл емес пе еді орамалың, Жас дәурен жалауындай желбіреген, сәулем. Алаулы таңдарым едің, Аяулы арманым едің, Өзіңе сағыныш сазын, Арнадым дедім, сәулем. Келеді балғын бейнең көз алдыма, Аттаған ақ босағаң базарлы ма, сәулем?! Бояуы солғын тартып гүл дәуреннің, Қып-қызыл орамалың бозарды ма, сәулем?!
Back to Top