K-POP субмәдениетіне жүйелі көзқарас ᴴᴰ

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Біздің заманымыз Ислам тарихына мұсылмандардың саны өте көп болғанына қарамастан, олардың өз діндеріне қатысты ең надан заман болып кіреді. Надандық тіпті дін негіздерінің өзіне де тиіп кетті: адамдардың көбі мұсылманды не мұсылман қылатынын білмей, этникалық тегі адамның сенімін анықтайды деген ойда. Және сондай бір қынжылтатын, тіпті қайғылы болған надандықтың бір түрі – бұл діннен шығу (ридда) мәселесіндегі білімсіздік. Көпшілік мұсылмандар, тіпті арасында ғалым деп есептелетіндер де, егер мұсылман адам өзіне басқа бір дінді таңдаса ғана кәпір болады дейді, мысалы, ол католик немесе буддист болуды таңдаса, ал егер ол өз-өзін мұсылманмын деп санаса, ол не айтса да, не істесе де, қандай нәрсеге сенсе де, ол мұсылман болып қала береді деп ойлайды. Біз бұл мәселелерді оқып үйрену – «фарзул-`айн» екенін түсінуіміз қажет,
Back to Top