скери ша апатты жадайда онды

Алматы облысындағы Жетіген аэродромына авариялық жағдайда қонған С-295 әскери ұшағына қатысты жауаптылар түсінік берді. Белгілі болғандай, Елордадан Ақтөбеге бағыт алған әуе кемесінің жоспарлы ұшу кезінде алдыңғы қондыру шассиі істен шыққан. Ұшақ бортында болған лайнердің командирі, ұшу тәжірибесі 1700 сағаттан асатын Жеңіс Зайнолдинов, командирдің көмекшісі, капитан Абылай Ыбыраев пен ұшақтың борт-инженері Кәрім Пахритдинов ақауды жою үшін қажетті барлық шараларды қабылдаған. Төтенше жағдайдан құлағдар әуежай мамандары лезде қону айлағына көбік сепкен. Аталған оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, өкілдері ұшақтың жағдайын бағамдауға аттанып кетті. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразиябіріншіарнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top