Мен бір жатқан шоңайна!

Мен бір жатқан шоңайна! Дерек бойынша кірпітәрізділер жер бетінде 15 миллион жыл бұрын пайда болған екен. Орташа есеппен әрбір кірпіде 10 мың ине бар. Олар үш жылда бір рет жаңарып тұрады. Белгілі бір себептермен түсіп қалған инесі бір жыл бойы қайта қалпына келіп, өседі. Erinaceidae жәндіктермен, көлбақамен, тіпті жыланмен де қоректеніп, орман шаруашылығына пайда келтіреді. Олардың ағзасында удың көптеген түрлеріне қарсы иммунитеті бар. Кірпі қараша айында ұйқыға кетеді де, көктемде күн жылынысымен оянады. 128 күнге созылған ұйқы кезінде олардың дене температурасы 34-тен 2 градусқа дейін төмендеп, жүрек қағысы мен тынысы 5 есе баяулайды. Бір қызығы бұл сүтқоректіге кене маза бермейді екен. Инелерінің арасына кіріп алатын кенелерден құтылу үшін кірпі қулыққа барып, ​түтін маңын панала​йды. Сондықтан болар кірпілердің сөнбеге​​н ​темекіге үйкеліп, шылымды арқасына жабыстырып алатын жайттар көптеп кездеседі. Video by @(unknown)
Back to Top