“ЖАСТАР“ ТЕАТРЫ ҚҰРЫЛДЫ Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебінің жас маман ұстаздарының бастамасымен ЖАСТАР ЖЫЛ

“ЖАСТАР“ ТЕАТРЫ ҚҰРЫЛДЫ Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебінің жас маман ұстаздарының бастамасымен ЖАСТАР ЖЫЛЫ аясында 《ЖАСТАР》 театры құрылды. Театрдың алғашқы қойылымы Қазақстан Республикасының халық жазушысы, көркемсөз зергері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналды. Жазушының аңыз бен ақиқатты ұштастыра отырып, адам болмысын терең бейнелейтін философиялық толғанысқа толы 《КҮЙ》, 《ШЫҢЫРАУ》, 《ХАНША ДАРИЯ》хикаяты және 《АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ》туындылары бойынша ұсынылған қойылым жиналған көрерменнің көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді. Кәсіби сахналық шеберлігі болмаса да, жаңашылдыққа ұмтылған ізденімпаз жастарымыз өнерге деген сүйіспеншіліктерімен әр туындыдағы өзекті ойды жүрекке жеткізе білді. @jas_mugaljar #jastarjyly2019 #mugaljarzhastary #мылучшие #ЭтоМойГород #ЯиПрезидент #Елбасыменбiрге #МыбудущееКазахстана #молодежьрулит #ЖастарKZ #qazjastary #ЖастарАлга #жастар19 #молодежь2019 #ЕЛIМYШIН
Back to Top