Елестетіп көріңізші... Сіз бір “элитный“ ресторанға бардыңыз делік. Сізге ас мәзірінен кез-келген тағамды сатып алуға жетерліктей қаражат беріліп, “қалаған асыңды алып, тойғаныңша ішіп-же! Төлейтін ақшасына алаңдама!“ делінсе, сіз қандай асты таңдар едіңіз?
Әрине! Сіз алдымен шеф-аспазды шақырып алып, ең үздік астың қайсысы екенің сұрар едіңіз! Себебі бүкіл тамақты ішіп, жей алмайсыз! Қарыныңыздың сыйымдылығы шектеулі!
Осы мысалды өз өміріңізге қолдансаңыз болады.
Ақшаңыз - ол уақытыңыз. Қарыныңыз - шектеулі өміріңіз.
Шеф-аспаз - өз ойынан ешнәрсе айтпайтын Алланың сүйітісі, Мұхаммед (ﷺ) Пайғамбарымыз.
Қарыныңызды ең дәмді, ең тәтті тағамдармен толтырғаныңыз секілді, өміріңізді де ең үздік, сауабы ең мол амалдармен толтырғаныңыз дұрыс болары ақиқат!
Пайғамбарымыз (ﷺ) көптеген хадистерінде ең үздік зікір туралы айтқан. Жұмыста жүрсек те, үйде бала қарасақ та, қандай іспен шұғылдансақ та бұл зікірді айтып жүру еш қиындық туғызбайды! Әрі ол зікір арқылы иманымызды жаңартып, амал дәптерімізді әсемдейміз!
Ол қандай зікір десеңіз, онда осы қысқа видеомызда танымал шейх Хасан Әли керемет зікірді бізге баян етеді ❤️