Пандемия кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейді
Елімізде осы пандемия кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейіп кеткен. Мұндайды тоқтату үшін үйдегі есерсоқтарды ғана емес, құзырлы органдарды да жауапқа тарту мәселесі қаралуда. Қазіргі таңда Мәжіліс депутаттарының ұсынысымен әлеуметтің, әсіресе әлсіз топтың мәселесіне жауаптылардың жұмысы мен міндеттерін айқындайтын жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр екен. Бұл құжат отбасындағы әлімжеттікпен күресте тікелей жауапты мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырып, жұдырық ала жүгіретіндердің жазасын қатаңдатуды көздейді. Ел алдында есеп берген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева үй ішіндегі тоқпақтың, әсіресе, жұрт жаппай карантинге қамалған кезде көбейгенін тілге тиек етті.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
51 view
6
5
1 year ago 00:02:31 1
Димаш Ниязов пандемия кезіндегі АҚШ полицейлерінің жұмысы туралы айтып берді
4 years ago 01:12:15 1
«Пандемия кезінде ана мен бала денсаулығын қорғау туралы»
4 years ago 01:11:52 1
Халық медицинасы (емшілігі) коронавирусты жеңе ала ма?
5 years ago 00:08:22 1
Сенат керек пе? Пандемия уақытында сайлау өткізген дұрыс па?
5 years ago 00:03:07 4
шағын және орта бизнеске сатылымдар мен жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектеседі