Назданып айтып атыңды,
Таныстырып ең өзіңді!
Жылдап жазып, жырлап жазып хатымды,
Сүйгенмін тұнық көзіңді!
Білемін,
Еліңнің ерке қызысың,
Ал менің бақ-ырысым!
Сенсіз таңым атпайды- ақ,
Ауырлайды тірлік, тынысым!
Ай өтеді, күн өтеді, жыл өтеді,
Гүл бүр жарып, бозбала ұл, ер жетеді!
Наз қылығың айналдырып басымды,
Естелік болар біз жүрген жер кешегі!
Уақыттың жидырып есті елегі,
Сен ана, мен әке болар кез, келеді!
Ғашықтықпен біз жүрген жер кешегі,
Орыс салтты Орал деген жер еді!
Алла берсе бақытты, тасып, толамыз,
Сен «әже», ал мен «ата» боламыз!
Елігім бол, ерегім бол тек маған,
Армандаған талай «шалға» бол аңыз!
Гүлім болып жайнашы, менің мәңгі бағымда,
Назданған бір кербезім бол жанымда!
Сен мендік,ал мен сендік боп өмірде,
Бірге болу жалғыз арман жадымда!
46 views
725
175
5 days ago 00:30:24 6
🕌 🇰🇿 🌳 ⛰️ 🏕️🌿🌲🌳☘️ АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, ҚАРҚАРАЛЫ ән кеші 🌳 ⛰️ 🏕️🌿🌲🌳☘️ 🇰🇿 🕌
1 month ago 00:05:18 1
Патшаға қойылған үш талап! Ұстаз Айдар Койшыманұлы
1 month ago 00:06:16 1
Алланың азабы келмей тұрып жеңілу | Ұстаз Ерлан Ақатаев ᴴᴰ
2 months ago 00:02:56 1
Ақтөбеде 3 адамды пойыз қақты
2 months ago 00:06:48 1
Шошқамен маймылға айналған қауым | Ұстаз Ерлан Ақатаев ᴴᴰ