День Победы в ДВД Карагандинской области

Ардагерлерді ардақтайық! 6-шы мамыр күні облыстық Ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күнімен Ұлы Жеңістің 71-жылдығына орай салтанатты шара болып өтті. Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылармен Ұлы Жеңістің 71-жылдық мерекесіне орайластырылған салтанатты шара алдымен облыстық Ішкі Істер департаменті ауласында орналасқан мемориалдық тақта тасының басында басталды. Мерекеге арнайы шақырылған ардагерлер мен департамент басшылығы және жеке құрамы отан үшін от кешкен боздақтардың басына гүл шоқтарын қойып бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін салтанатты шараға арнайы шақырылған қонақтар мен тәртіп сақшылары ішкі істер департаментінің залында салтанатты шараның куәсі болды. Залға жиналған меймандарды алдымен облыстың бас сақшысы полиция генерал –майоры Мергенбай Жаппаров құттықтады.
Back to Top