«Оңбай ұсталды». Әйелін тексермек болған жігіт туралы

Бір жігіт әйелін тексермек болыпты. «Сенімен тұра алмаймын, ажырасамын», деген хат қалдырып, өзі төсектің астына тығылып қалған. Хатты оқыған әйелі қағазға бірдеңе жазып, бірден телефонына жармасады. «Сәлем жаным! Ол кетіп қалды. Оған не үшін күйеуге шыққанымды өзім де білмеймін. Болды, бәрі артты қалды. Қазір саған барамын«, — деген жас әйел жасанып киініп алып, кетіп қалды. Қатты жынданған күйеуі тұрып, хатты қараса – әйелі: «Төсектің астынан аяғың көрініп тұр. Мен дүкенге нанға кеттім«, деп жазып кетіпті.
Back to Top