Рамазан \ Қалқаман Сарин

РАМАЗАН! Нығмет-нұрын Аллаһтың шашып келген, Рамазан! Бар қақпасын жəннəттың ашып келген, Рамазан! Ақ жанымды арылтып күмəнді істен, Рамазан! Тура жолды нұсқаушы ҚҰРАН түскен, Рамазан! Жамандықты өшіріп пешенеден, Рамазан! Жақсылықты өсіріп еселеген, Рамазан! Қия бассам құтқарып қиянаттан, Рамазан! Тыныштықты жүрекке ұялатқан, Рамазан! Отыз күндік иллəһи мерекелі, Рамазан! Ауыз ашқан дастархан берекелі, Рамазан! Тарауыққа асығып күнəлі жан, Рамазан! Таңға дейін сəждеде дұға қылам, Рамазан! Басқаға емес, Раббыма жақын еткен, Рамазан! Бастан-аяқ ҚҰРАНДЫ хатым еткен, Рамазан! Таңғажайып таңғы азан... Сəресі - бал, Рамазан! Жəннəт бақтан жанымның дəмесі бар, Рамазан! Мың айдан да хайырлы ҚАДІР түнің, Рамазан! Сол түнді іздеп таппайды-ау, жаным тыным, Рамазан! Мейірімге мұқтажбын, Кешірімге, Рамазан! Шүкір Алла, жеткіздің осы күнге, Рамазан! Күрестіріп тəкəппар нəпсіменен, Рамазан! Бауыр қылдың кіл жайсаң-жақсыменен, Рамазан! Туысқа - иман сыйлаған, Досқа - сабыр, Рамазан! Қимай-қимай өзіңмен қоштасамы
Back to Top