скери арулы кштегі IT саласыны рлі

✅ ӘСКЕРИ ҚАРУЛЫ КҮШТЕГІ IT РӨЛІ Ресей мен Украинаның соғысындағы дрондар мен ұшқышсыз ұшатын аппараттардың (беспилотник) қаншалықты маңызды екеніне көзіміз жетті. Желілерде оның тиімділігі туралы бейнежазбалар мен мақалалар өте көп. Цифрлық дәуірдегі технологиялық артықшылық ел-жерді қорғауда үлкен септігін тигізеді екен. Демек біз бұл салада әсте артта қалмауымыз керек. Бұрын айтқанымдай, бұл жерде техникалық және IT мамандар қажет болады. Мысалы инженер-конструктор дронды құрастырса, оның бағдарламалық жасақтамасын программист жазады. Яғни дронның басқару жүйесін, навигациясын, ұшу траекториясын, кеңістік картасын бағдарламалайды. Дронды бағдарламалау үшін программисттер C және Python тілдерін жетік білуі тиіс. Егер жастар осы саланы меңгеріп, отанды қорғау ниетімен әскери салада қызмет қылса сауап алады. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаға құлшылық қылудан мұсылманның назарын ұрлайтын кез-келген нәрсе уақытты босқа құрту болып саналады. Тек мыналардан басқа: садақпен нысанаға ату, атта шабу, отбасымен ойнау және жүзу» - деп айтқан (Табарани). Басқа да осыған ұқсас хадистерде де садақ ату, найза лақтыру, қылыш сермеу, атта шабу өте құптарлық іс екені айтылып, ерекше назар аударылады. Неге десеңіз, бұлардың барлығы тікелей соғыс тәсілдері болып табылады. Бүгінгі таңда ешкім отанын қылыш-найзамен қорғамайды. Олай қорғай да алмайды. Себебі соғыс тәсілдері өзгерді. Демек бүгінгі таңдағы әскери саладағы инженер-конструкторлар мен дрон бағдарламалаушылар осы хадисте айтылған сипатқа сәйкес келеді. Осы арқылы сіздер сауапқа ие бола аласыздар! Елге-жерге пайдалы өнер деп осыны айтамын! Мектеп қабырғасында жүрген жас бауырларыма осы саланы меңгеруге кеңес беретін едім!
Back to Top