Биыл медицина колледждерін 21 мың түлек аяқтады. Олар тәуелсіз емтиханнан сәтті өтіп, денсаулық сақтау министрлігінен тиісті сертификат алды.
Талдықорғандағы жоғары медициналық колледждің 281 түлегі тәуелсіз емтихан тапсырды. Мұнда 7 мамандық бойынша оқытылады. Бастысы, эпидемиологтар дайындалады.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 88 анестезиолог, 26 инфекционист, 7 пульмонолог қажет екенін айтты. Биыл коронавируспен күреске 2000-нан аса ЖОО студенті тартылды. Барлығы Гиппократ антына берік екенін осы бастан дәлелдеп жүр.