Ел-жұрт оны «Қажымұқан» дейтін

Сұлтан-Ахмет Қожықовтың «Знай наших» көркем фильмінде күш атасы Қажымұқан ролін сомдаған Әлеухан Бекболатұлының жарқын бейнесі. Белгілі журналист Максим Рожин аяулы азаматтың көзі тірісінде жазып алған бейнесұхбатта ол өзінің Қажымұқан бейнесіне қалай таңдалғанын, фильмді түсіру жұмыстары және замандас актерлер мен спортшылар туралы айтып береді. Сырқаттанып қалғанына қарамастан сұхбат берген марқұм ағамыздың бойында қайсарлық пен қажымастықтың рухы есіп тұр. Қатарластарының адал досы, әулеттің сүйікті атасы, қамқор әке Әлеухан Бекболатұлының жарқын бейнесі жадымызда мәңгілік сақталады. #ehistorykz #ndhkz #Kazakhstan #history #Қазақстантарихы #ИсторияКазахстана #История #Казахстан #Тарих
Back to Top