Алматы облысының Кеген ауданында 50 мыңдай ірі қара болса, соның 8 проценті асыл тұқымды.

Алматы облысының Кеген ауданында 50 мыңдай ірі қара болса, соның 8 проценті асыл тұқымды. Тұқымдық түрлендіру жұмыстары мен үш мың бастық мал бордақылау алаңын құрудың арқасында бұл өңір былтыр көршілес Қытай мен Өзбекстанға және Иранға 150 тонна ет экспорттады. Бұл көлем алдағы уақытта бірнеше есе артады. Өйткені аудандағы ірі шаруашылықтарының бірі Біріккен Араб Әмірліктеріне ет экспорттауға лицензия алмақ.
Back to Top