Коронавирус: Денсаулығы сыр берген соң, өзі жедел жәрдем шақырыпты
#КТКжаңалықтары
Бүгін Алматыда коронавирус жұқтырған тағы үш адам тіркелді. Олардың бірі – өткен жексенбіде Стамбұлдан ұшып келген 22 жасар қыз. Студент жедел жәрдемге өзі жүгінген. Сөйтіп, анализі алынып, оның қорытындысы науқастың қауіпті індетке шалдыққанын растады. Вирус анықталған екінші науқас өткен сейсенбіде Мәскеуден оралған екен. Ал, үшінші адамның вирусты қайдан әкелгені туралы әзірге ақпарат жоқ. Осылайша елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 36-ға жетіп отыр.
#коронавирус #Қазақстан #coronavirus #Алматы #карантин
213 views
46
10
4 years ago 00:00:47 50
Денсаулығы күрт нашарлады: Ұшақ бортында 6 айлық бала көз жұмды
4 years ago 00:01:21 54
Түркістандық әйел үшем босанып, 6 баланың анасы атанды