Елімізде уағызына тыйым салынған өзбектілді радикалды идеологтардың саны артты.
Елімізде уағызына тыйым салынған өзбектілді радикалды идеологтардың саны артты. Бұл жолы қара тізімге Абу Салох, Абдували қори, Абдуллох домла, Абдулло Бухорий ілікті. Зайырлы қоғамды даттап, зұлымдықты ақтап жүрген псевдоуағызышылар Өзбекстан республикасының тумалары. Әртүрлі жолмен Таяу Шығысқа кетіп, қарулы қақтығысқа адам арбап жүр. Оларды Өзбекстан билігі бірнеше баппен айыппен, халықаралық іздеу жариялады.
Псевдоуағызшылардың ықпалымен шекаралас аймақтағы жерлестеріміз де терроризмді насихаттаған көрінеді. Осыны негізге алған судья өзбектілді радикалды идеологтардың уағызын тыңдауға, жариялауға басып шығаруға тыйым салды.