2016 жылы Алматыда 10 адамды өлтірген террорист Руслан Күлекбаев алғаш рет сұхбат берді.

2016 жылы Алматыда 10 адамды өлтірген террорист Руслан Күлекбаев алғаш рет сұхбат берді. КТК арнасына берген сұхбатында «Жүрегім қарайып кетті, Мен адастым» деді. Сондай-ақ ол, марқұмдардың туыстары мен жақындарынан кешірім сұрады. «Өткен іс өтті. Оны қайта артқа қайтара алмаймын. Бірақ олардың жүректері тыныш табуы үшін, егер мені көріп, естіп отырсаңыздар, егер мені кешірсеңіздер - бұл сіздердің маған көрсеткен жақсылығыңыз болар еді. Алла екі дүниеде де бар жақсыны нәсіп етсін», - деп сұхбат соңында жылап жіберді Күлекбаев.
Back to Top