«QYZDAR ÝNIVERSITETI TV»: Тамара Асар

#Qyzdar_Ýnıversıteti_TV ? #KAZ Жарқын болашақ Қыздар университетінен басталады! Тамара Асар – әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Өнер және мәдениет факультетін бітірген. #Талапкерге_арнау: «Бір қызды тәрбиелеу, бір ұлтты тәрбиелеумен бірдей» деген парасатты ұстанымды басты бағдар етіп алған 75 жылдық тарихы бар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін білім мен тәрбиенің өрісті ордасы десем артық айтқаным емес. Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжін аяқтаған соң оқу орнының Өнер және мәдениет факультетін тәмамдадым. Факультетте оқи жүріп, Галина Қарамолдаева, Ағайша Исағұлова сынды білікті ұстаздардан дәріс алып, кәсіби тұрғыдан жетілдім. Университет қабырғасында алған білімім үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Қымбатты, мектеп бітірушілері, жетістікке жетуді мақсат тұтсаңыз Қыздар университетінде білім алуға шақырамын! ℹ #QÝ_баспасөз_орталығы
Back to Top