Бурабай курорты қазақстандықтардың ғана... - Ақмола облысының әкімдігі Акимат Акмолинской области

Бурабай курорты қазақстандықтардың ғана емес, алыс-жақын шетелдіктердің де демалыс орнына айналды. Туристер табиғатты тамашалау және демалыстарын белсенді өткізу үшін келеді. Ол үшін мұнда барлық жағдайлар бар: қылқан жапырақты орман; жұмбақ пен аңызға айналған көптеген таулар, жартастар, шоқылар; айнадай жарқыраған көлдер, веложарыстар мен желкен регаталарына дейінгі іс-шаралар. «4 seasons» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Бурабай курорты әлемдік маңызы бар ірі сауықтыру орнына айналды. Ақмола облысының жер қойнауында «Республикалық маңызы бар сауықтыруға арналған су объектілерінің тізбесіне» енгізілген табиғи минералды сулардың бірегей емдік бұлақтары бар. Бұрнағы күні облыс әкімі Мәлік Мырзалинге «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамы Бурабай курортының «ресми суын» таныстырды. Тамақтандыру иснтитуты ұсынған QULAGER-BURABAY емдік-асханалық суының құрамында 16 табиғи минерал бар және адам ағзасының 12 функционалдық жүйесінің онын емдейді. Оны Бурабай курортының шипажайларында пайдалану
Back to Top