«Соңғы үміт» – 15 бөлімнен тұратын телетуынды. Телесериалда отбасы құндылығы, ата-ана қарым-қатынасы, бала тәрбиесі көрсетіледі. Үлкенге ізет, кішіге құрмет ету де назардан тыс қалмайды.
Дала өмірі мен қала тіршілігі қат-қабат өрілген туындада ата тәрбиесі, бала көңілі әдемі жеткізілген. Айталық, отбасында жалғыз қалған ақсақалдың қалаға көшкісі жоқ. Бірнеше жыл бір шаңырақта отасқан қосағы бақилық болғаннан кейін де көңілінде оған деген сағынышы басылмады. Оның үстіне келіні Аида атасымен бір үйде тұруға