Алматы полициясы жалған ақпарат таратты. Жаза қайда?

Алматы қаласы өмірге қайта орала бастады: сауда орталықтары, мейрамханалар, балабақшалар ашылды. Қала сыртында тұратын адамдар Алматыға жұмысқа бара бастады, бірақ біздің полицияның онымен жұмысы жоқ сияқты, блок бекеттерде әлі де қоршаулардан адамдары әрең өткізіп жатыр. Қала сыртында бірнеше шақырымға созылған кептеліс таң сайын пайда болуда. Блок-посттар жалпы тек халыққа ғана емес, полиция қызметкерлерінің өздерінің де қырынан шықты. 25 мамырда Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқан екі полицейдің де артында бала-шағасы қалды. Бүгінгі шығарылымда осы істің іш-қыры туралы сөйлесетін боламыз.
Back to Top