Мәжіліс депутаты: зейнет жасы қысқарсын!

Кредиттер кешірілсін, жалақы өссін, енді зейнет жасы қысқарсын дейді. Парламент қабырғасында соңғы кездері депутаттардың аузынан тек осындай ғана ұсыныстар еститін болдық. Жанға жақын, құлаққа қонымды естілетін бұл ұсыныстар партиялардың сайлау жақындағанда көзге түсу амалы дегенді де айтып жүргендер бар. Жә, әңгіме ол жайында емес. Бүгін Төменгі палатадағы коммунистердіңі лидері Айқын Қоңыров зейнет жасын алпысқа дейін азайту керек деген бастама көтерді. Әрине, кезекті ұсыныс мақұлданып жатса, одан халықтың жаман болмайтыны анық қой, бірақ ел экономикасы бұған қаншалықты дайын? 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top