ҚазҰУ. Аптаның айшықты оқиғалары

ҒАЛЫМДАР ЕҢБЕГІН ЖАРИЯЛАУ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛАДЫ Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма басшысы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Эльзивер (Elsevier) компаниясының Орталық Азия мен Әзірбайжан бойынша аймақтық басшысы Дамир Рахметовті қабылдады. Әңгіме барысында өзара ынтымақтастықтың жаңа міндеттері талқыланды. РЕКТОРҒА УНИВЕРСИАДА КУБОГЫ ТАПСЫРЫЛДЫ Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде XI Жазғы универсиада ойындарының жеңімпазы – ҚазҰУ командасының спортшылары мен жаттықтырушыларын марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. КӨПЖАСАР НӘРІБАЕВ АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Академик К.Н. Нәрібаевтың еңбектеріндегі Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық дамуы мен жоғары білім беру жүйесінің қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Back to Top