Ақмола облысында 28 жастағы жігіт төрт әйелді пышақтап тастаған

Ақмола облысының Бурабай ауылында 28 жастағы жігіт төрт әйелді пышақтап тастады. Сұмдық оқиға өткен сенбіде елдімекеннің Советская көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Жергілікті полицияның мәліметінше, ауыр қылмысты жасаған күдікті полицейлерге өзі хабарласыпты. Тәртіп сақшылары айтылған мекен жайға жеткенде, ер азамат өзге подъездің алдында отырған. Кейіннен ол қылмысын жасаған үш бөлмелі пәтерді көрсеткен. Оқиға орнында полицейлер 4 әйелдің мүрдесін тапқан. Олардың біреуі 70 жастағы пәтер иесі, екіншісі зейнеткердің 41 жастағы қызы мен екі көршісі екені анықталған. Барлығында да кеуде тұсынан пышақ сұғылған. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top