Қайрат Серкебай - Рияд Ас-Салихин / Бірінші дәріс (Ихлас және ниет бабы)
Имам Науауи - Рияд Ас-Салихин. Бірінші дәріс - Ихлас және ниет бабы.
✅Ниеттің маңыздылығы жайлы қисса келеді. Мұса пайғамбар (а.с) кезінде бір адам Алла тағалаға дұға тілеп: «Алла тағала сенің ұлылығыңмен ант етемін, мына тұрған таулар тамақ болса, осы тамақтың барлығын (садақа ретінде) сенің ризалығын үшін құлдарына таратушы едім» - деп айтқан кезде, Алла тағала Мұса пайғамбарға (а.с): «Анау адамға айт, оның садақасы қабыл болды» деп уахи етеді. Сондықтан адам бір нәрсеге шын ниет қылса, сол амалды жасағанмен бірдей болады. Ал енді ниетін іске асырса, ол тіпті қандай үлкен сауап болады!?