Биыл кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысқан Қанат Ислам АҚШ-тан елге оралды. Лондон олимпиадасында ұлттық құрамаға іліне алмаған Қанат АҚШ-тың Майами қаласындағы Нельсон Мендестің промоутерлік компаниясымен байланыс жасаған болатын. 69 келіде өнер көрсеткен боксшы кәсіпқой бокста 2012 жылы 8 бірдей кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан қазақ боксшысы кәсіпқой бокс рейтингісіндегі 500 боксшы арасында үздік 50-дің қатарына көтерілді. Алдағы мақсат -- «Әлем чемпионы» ат