15 қазан – Сәкен Сейфуллин дүниеге келген күн

Сәкен Сейфуллин 1894 жылдың 15 қазанында Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында орташа ауқатты кісінің отбасында дүниеге келеді. Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, шешесі Жамал әңгіме, аңыз-ертекті көп білетін әрі нәшіне келтіріп айтатын салиқалы ана болыпты. Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі.
Back to Top