Қарсы әлемде Монстрополис деген қалада мейірімді құбыжықтар өмір сүреді. Олар балаларды қорқыту арқылы өз қалалары үшін электр энергиясын өндіреді. Бір қызығы, қарапайым құбыжықтар тұрмақ, балаларды қорқытудың хас шебері - мүйізді көкшіл аю Саллидің өзі балалардан қорқады. Бірде Бу есімді қыз құбыжықтар әлеміне өтіп кетеді. Нағыз дүрбелең сол кезде басталады.