Алаш Орда - Ұлттық идея және дін мәселелері (1 секция)

2017 жылдың 22 қарашасы күні ҚР Ұлттық кітапханасында Елбасының “Болашаққа баңдар: Рухани жаңғыру“ бағдарламасының аясында, “Алаш Орда“ үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай “Алаш Орда - Ұлттық идея және дін мәселелері“ атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. (1 секция) Баяндамашылар: 1. Қабдол Ауезов - Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының тарих және археология бөлімінің басшысы (Патша үкіметінің отарлау саясатындағы дін мәселесі) 2. Шайзада Тоқтабаева - тарих ғылымының докторы, профессор, этнограф (Шоқан Уәлиханов жазбаларындағы салт-дәстүр мен дін мәселелері) 3. Аманқос Мектептегі - филология ғылымының докторы, алаштанушы (Ахмет Байтұрсынұлының ғылымдағы ұстанымы)
Back to Top