Ninety one - Yeski Taspa Bii’

Төгіледі қиял сиямен, ұям мида, Керегі баяғы “ұяң мен“. Яғни: мен артқа қайтам, мұнан пайда қайда? Мұнда уақыт пен мен, дайында майдан! Ескі таспа жиі-жиі жүректе ойнап: “менен қашпа!“,-дейді Шаң басқан күйін қарап, іштей күйем, Бетін сүрткім келед(і), бірақ кетпейді күйе! Енді неге жүрмін сүйреп бақыттың өлігін? Дереу керек маған уақыт көлігі. Сыбыр айқайдан анық, оны байқамай қалдым, Онда шыншыл көздер, қазір күлкім өзгерді Керек көмек түнек жүректе, Тек үндеме, өткенге күнде мен Өздігіммен енем(ін), Менен дем кетеді неге “сен“ дегенде тек, а?
Back to Top