Мир көшесі қаламыздағы маңызды орталық көшелердің бірі. Оның аумағында бірнеше кәсіпкер кәсібін дөңгелетіп келеді. Бизнес субъектілерінің дені осы жерде шоғырланған десек қателеспегеніміз. Шаһар кейпіне мін келтірмей, қала әкімдігінің басты талаптарын орындау бұл азаматтарға жүктелген. «Раушан» техника дүкені бұл міндетті абыройлы түрде орындап келеді. Кәсіпкер Александр Кистнев сауда орнының керексіз жарнамасын сырып тастап, орталығының сырт келбетін жөндеді.
Біз дүкеннің фасадын дұрыстадық. Жарнамаларды алып тастадық. Айналаны қалыпқа келтіріп, витраждарды алмастырдық.
Бизнес нысанның сырт келбетін дұрыстап, абаттандыру жұмыстарын жүргізген тағы бір кәсіпкер Мир көшесіндегі колледж жанында орналасқан бұл дәмхана. Әрине, қала таза әрі ұқыпты кейіпте ұстау баршамыздың борышымыз. Дегенмен, кей жеке меншік иелері салғырттық танытып, қала әкімдігінің өтінішін орындамай келеді. Олардың қатарында «Северный» супермаркетінің мегерушісі. Сондай-ақ, ірі сауда орталықтарының бірі «Сокол» дүкенінің иесі де тиісті жөн