Өлеңнің авторы:@
оқыған: @aibosh1996
Ана — ұстаз,
Бәйек болып баптаған,
Сен жыласаң — ол жантайып жатпаған.
Толқындарға кеме аунап батса да,
Бiр ғажабы, ол тойтарып, батпаған.
Ана — байлық,
Құны асылы кетпеген,
Сен сөйлесең — ол марқайып көктеген.
Борбайыңды былғап әлек етсеңде,
“Ауызын былғап“ абыройын төкпеген!
Ана — қымбат,
Ата салтын сақтаған,
Сен жүргенде — сол өбектеп, мақтаған.
Аш құрсақпен жан тапсырар болсада,
Тоқ қарынға — ар-намысын сатпаған!
Ана — асыл,
Амандықты сұрайтын,
Сен сүрiнсең — сол бiрiншi құлайтын.
Қиналғанда — көз жастарын көрсетпей,
Қуанғанда — көз алдыңда жылайтын.
Ана — бақыт,
Кеткен есе көзiнде,
Сен жығылсаң — ол жазалар өзiнде.
Мықты болсаң санай бермей байлықты,
Ал, санап көр, қанша әжiм бар жүзiнде?!... Ана — жеңiс!
Жеңiлiске төзбеген...
Сен ұлғайсаң — ол “бала“-деп сезбеген.
Өз сырымды жеткiзсем де жұртым-ау,
“Ана сырын“ жеткiзе алман сөзбенен!
02. 12. 2016
13,214 views
835
233
7 months ago 00:14:23 1
Алла қалай сынайды. Ұстаз Ерлан Ақатаев
11 months ago 01:14:14 1
САҚТАНСАҢ САҚТАЙДЫ: қалай Алланың белгілерін оқимыз? / Алмас АҚЫН рухани ұстаз, ПСП
11 months ago 00:05:45 1
ӘР БІР АТА-АНА КӨРУ КЕРЕК / ҰСТАЗ / 2019
1 year ago 00:04:32 1
Алғашқы ұстазым. Қызық әңгіме
1 year ago 00:35:28 1
Ата-анамен қарым қатынас орнату мәселесі
1 year ago 00:57:13 1
Имрам Крийя / Ләйлә Сұлтанқызы
1 year ago 00:03:20 10
Алғашқы қоңырау. Караоке (+)
1 year ago 00:37:45 1
ӘЙЕЛ ӘЛЕМІ ПОДКАСТ 4-ШЫҒАРЫЛЫМ/ ЕНЕ МЕН КЕЛІН
1 year ago 00:44:29 1
Ұстаз. Фильм об основателе науки СЮЦАЙ Жанате Кожамжарове.