Өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқармағаны, оқ-дәрілерді көшіру бағдарламасын орындау кезінде өз қызметіне салғырт қарағаны үшін бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Қарулы күштер қатарынан шеттетілді. Ал, оның орынбасарлары қатаң сөгіс алды. Аталған өкімге еліміздің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. 4 тұрғынның өмірін жалмап, 45 мыңдай халқы бар Арысты бір ақ күнде тас талқан еткен жарылыстың себептері әлі анықталып жатыр. Ал, ұрыстарды көзімен көрген, жауынгерлік тәжірибесі бар генерал Жасұзақов несімен ел есінде қалды?
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан