Иран 176 адам мінген ұшақты атып түсіргенін мойындады

Иран мен АҚШ-тың бір-біріне қабақ шытуынан көз жұмған адамдардың саны 200-ден асты. Ислам мемлекеті Тегерандағы әуе апаты елдің Қарулы күштерінің қателігінен болғанын, яғни жолаушылар ұшағын зымыраны атып түсіргенін мойындап, әлемді дүр сілкіндірді. Бұл қадамды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды шешімге балады. Тараптарды ұстамдылық танытуға шақырды. Ал Иранның өз азаматтарын қырғанына ашуланған топ митингке шығып, полицямен теке-тіреске түсті. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top