Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қауіп төніп тұр ма?

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қауіп төніп тұр ма? Ел арасында «тарихи кешен маңын жасанды абаттандырудың салдарынан кесене қабырғалары ылғал тартып, күмбездің беткі қабаты қопси бастаған» деген пікірлер айтылып қалады. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? Мамандар не дейді? Кесене туралы түрлі алыпқашпа әңгіме бұрыннан бар. Алайда мамандар соңғы 10 жыл көлемінде қабырғалары тұзданып, төбесінде дымқыл дақтар пайда болғанын айтады. Оның нақты себебін әлі ешкім толық зерттеп көрмеген. Сондықтан ғалымдар тарихи ескерткішті сақтап қалу үшін шұғыл шара қолданып, ғылыми түрде зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет дейді. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар:
Back to Top