4 жыл бойы көпшіліктің көзайымына айналып, көптеген аруларға, келіншектерге көмек берген “Әйел бақыты” бағдарламасы жабылды. Бұл туралы бағдарламаныңинстаграм желісіндегі парақшасыхабарлады. “Қымбатты көрермен! 2013 жылдан бері көрермендер көзайымына айналған «Әйел Бақыты» бағдарламасы арна басшылығы мен біздің тараптың ортақ шешімі аясында қыркүйек айының 1 жұлдызынан бастап эфирге шығуын тоқтатады. Осы орайда, Ұлттық арна басшылығына, бізбен бірге болған көрерменнің әрқайсысына жеке алғысымызды білдіреміз. Төрт жылдың ішінде ел арасында танымалдылық пен жоғары рейтингке ие болған «Әйел Бақытында» 1000-ға жуық эфир көрермендер жүрегіне жол тартып, 3000-ға жуық кейіпкер қатысты. Сіз бен біз болып тікелей эфирде түрлі өзекті тақырыптарды қозғадық. Бұл жоба арқылы әйел қауымына Лəйлə Сұлтанқызы мен “Əйел Бақыты” жобасының ұжымы кішкене болсын бақыттың бөлшегін сыйлады деп есептейміз. Себебі соңғы жылдың өзінде жобаның арқасында 40-қа жуық әйел жұмыспен қамтылды. 100-ге жуық кейіпкерге қаржылай көмек көрсетіліп,