БАСТЫ МІНДЕТ СЫБАЙЛАС ЖЕМОРЛЫА ЖОЛ БЕРМЕУ

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев облысқа жұмыс сапары барысында С.Мұқанов атындағы кітапхананы аралап, мекеме ұжымымен тілдесті. Кейін аталмыш ведомство басшысы кітапханадағы «Парасаттылық мектебінің» салтанатты ашылуына қатысты. Жаңа орталық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты күшейтуге тың серпін бермек. Салтанатты шарадан соң, Алик Шпекбаев облыс активімен кездесті. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жолдары талқыланды. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бүгінде аймақта бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Олар «Қызылжар – адалдық алаңы» кеңсесі, «Қызылжар» студенттерге қызмет көрсету орталығы, «Ашық әкімдік» жобасы мен «Адал ұрпақ» клубтары. Айта кету керек, СҚО республикада сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша ең төменгі көрсеткішпен көш бастап келеді.
Back to Top