Гу әулетінің шежіресі 1-бөлім

Қиял-ғажайыпқа толы оқиғаның басты кейіпкері - жартыкеш адам, жартыкеш құдай. Корей фольклорында Кумихо туралы атақты аңыз бар. Сол Кумихо осы туындыда адам бейнесінде сомдалады. Чхве Кан Чи негізі Кумихоның ұлы. Әкесі жауыздардың қолынан қаза тапқаннан кейін, анасы оны мәжбүрлікпен сәби шағында өзенге ағызып жібереді. Оны бір отбасы тауып алып, асырап алады. Кан Чи киелі бала болғандықтан, оның пайда болуы сол отбасына бақыт пен береке әкеледі. Бірақ жауыздар қашанда жауыздығын жасайды. Бір күні Кан Чидің отбасына қауіп төнеді. Шешуші сағат таяу қалады. Кан Чи не мәңгі адам кейпінде қалады не мәңгі құбыжыққа айналады.
Back to Top