Қоштасқым келмейді

“Қоштасқым келмейді“ фильмі белгілі жазушы Қалдарбек Найманбайдың осы аттас шығармасының желісі бойынша түсірілген. Фильмге арқау болған мылқау қыз бен бозбаланың махаббат хикаясы. Сұрапыл соғыстан есін енді- енді жия бастаған қазақ ауылы. Жалғызбасты ана мен мылқау қыздары бар екі отбасы, бір- біріне құдайы көрші болып жәрдемдесуде. Белгілі әнші бала кезіндегі Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы бас кейіпкер Нұрсейіт көрші қыз, жастайынан мылқау Айгерімге ғашық. Айгерімнің де көңілі жоқ емес, әр күн оны мектепке шығарып салып, күтіп алады. Бірақ, тағдырдың бізге дайындаған сыйы көп. Нұрсейіттің алғашқы кіршіксіз сезімі немен аяқталады? Нұрсейіт не себептен “Қоштасқым келмейді ...“ деп тебірене жырлайды?
Back to Top