Қария мен теңіз

Фильмде Арал теңізінің шағын бөлігі - Кіші Аралдың тола бастағаны сөз болады. 1950 жылдары Арал теңізінде балық аулаған қария Өмірзақ Оспанов теңіздің тартылғанын да, балықшылардың кәсібін тастап, өзге өңірлерге көшкенін де көрген. Тұтас дәуірдің куәсіне айналған қария Кіші Аралдың оралғанына шүкіршілік етеді, көшіп кеткендердің қайта оралып, теңізге шыға бастағанына қуанады. Үлкен Арал теңізі де қайта оралар деп үміттенеді. Арал ауданы Бөген және Қарашалаң ауылы балықшыларының тыныс-тіршілігі, Кіші Аралды Үлкен Аралдан бөліп тұрған Көкарал бөгетінің бүгінгі күйі – фильмнің негізгі тақырыбы.
Back to Top