Намазды не үшін оқимыз?

Сүйікті Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Намаз – діннің тірегі», «Намаз – мүміндердің миғражы», «Намаз – жұмақтың кілті» деген хадистерін бекер айта салмаған. Басқа да хадистерде намаздың ең мәртебелі іс екені, жер мен көктің нұры, дененің қуат көзі, рызық-несібенің берекесі, дұғалардың қабыл болуына ең үлкен себеп екені де айтылған. Қарап отырсаңыз, бұл айтылғандар не деген ұлы сүйінші хабарлар. Бұл дүниеде ең мәртебелі іс «бай болу», «патша болу» деп тұрған жоқ. Осы намазды айтып тұр. Ендеше, абыройлы адам – сол намазды оқушы деген қорытынды шығады. Жер мен көктің нұрына малынғыңыз келе ме? Онда намаз оқуыңыз керек. Кейде біз қарадан-қарап жүріп адасамыз. Неге? Себебі көңіл көзі қараңғы. Міне, намаз сол қараңғылықты жарыққа айналдырады. Үйінен берекесі қашып, қанша ақша тапса да, қайда кетіп жатқанын түсіне алмайтынын айтып шағым жасаушылар көп. Оған да себеп өзіміз. Рызық-несібенің берекесіне, яғни намазға тиісті көңіл бөлмейді екенбіз. -------------------------------------
Back to Top