ТҮРІКМЕНСТАННАН 150-ДЕН АСТАМ ҚАНДАС АТАЖҰРТҚА ҚОНЫС АУДАРДЫ
Түрікменстаннан 150-ден астам қандас атажұртқа қоныс аударды. Олар Маңғыстау облысының Болашақ стансасына пойызбен жеткізіліп, алдымен ПТР сынамаларын тапсырды. Кейін Маңғыстау стансасына жеткізілді. Этникалық қазақтардың елге көшіп келуіне пандемия тосқауыл болып, жақындарымен жылдап қауышпаған. Атамекеннің топырағына жеткендер туыстарын көріп мәре-сәре болды.