АДЫРАСПАН ТҰТАТУ|қасиеті қандай? #салтдәстүр #әсерліәңгіме

Адыраспан – улы өсімдік Біздің қазақ адыраспанды «киелі өсімдік» деп біледі. Адыраспанның киесі, қасиеті – шипалығында. Адыраспан – улы өсімдік. Адыраспанның сабағы, жапырағы, тіпті оның түтінінде де шипа да бар. Этнограф-ғалым Серікбол Қондыбай: «Өсімдіктер көне заманнан бері адам баласына қызмет етіп келеді. Оны әртүрлі мақсатта, ең алдымен бояу жасауға, тері илеуге, сабын қайнатуға және емдеуге пайдаланады. Мәселен, адыраспанның өзіндік иісі бар және мал жеуге жарай бермегенімен кәсіптік маңызы бар. Адыраспаннан көптеген жұқпалы аурулардың кейбіріне қарсы препараттар алынса, ревматизм, тері және қышыма ауруларын емдеуге халық ертеден пайдаланып келеді» деп жазған болатын. Адыраспанды қайнатып, сол сумен аяқ-қолы сырқыраған адамдар денесін буласа, сап тыйылады екен. Бұрындары суық тигенде, денеге бөрткен шыққанда, ұмытшақтық меңдегенде, тіс қақсағанда осы адыраспанның суымен, буымен емдеген. Қазіргі уақытта да адыраспаннан жасалған дәрілерді фармакологияда қолданып жүр. Мұндай дәрілер қабынуды жазу, зәр айдауды жақсарту, ішек құрттарын өлтіру, қызыл иектің қанауын тежеу, іш ауруын жазуға көмектеседі. Адам ғана емес, адыраспан жан-жануарларға да ем екен. Малдың қотырын бұрын адыраспан қайнатпасымен жуып, жазатын. Дала жануарлары да дерт меңдегенде адыраспанға аунап жазылатынын үлкендер айтып отыратын. Шариғат не дейді? Адыраспанды көпшілік аластау мақсатында қолданады. Бұрынғылар сәбидің бесігін, сырқат адамды, тіл-көз тигендерді, жаңа немесе ескі үйді адыраспанмен аластайтын. Адыраспанмен аластау қайдан шықты? Бұл рәсімді көптеген ғалымдар Исламға дейінгі дәстүрлермен түсіндіреді. Әсіресе көне түркі халықтары аластау арқылы тазалауға мән берген. Бұл жайлы Гази Университетінің профессоры (Түркия) Ибрахим Дилек: «Көне түрік тайпалары мен Сібір халықтары және барлық түрік тектес халықтар оттың тазалаушылық және аластаушылық қасиетіне сенеді. Тазалануы қажет заттың, малдың, тіпті адамның жағылған екі оттың арасынан өткізілгендігі және аластау арқылы тазаланғаны белгілі. Бұл рәсімдер көне түрік халықтарының сенімімен байланысты болса да, Ислам дінін және оның әртүрлі мәзхабтарын қабылдаған түрік халықтарында әлі күнге дейін жалғасуда» деп түсіндіреді. Рас, адыраспанмен аластау ел арасында әлі күнге дейін жалғасып келеді. Адыраспанның түтіні – улы. Сондықтан оны микробтар мен вирустарға қарсы дизенфекция ретінде қолданады. Адыраспанмен аластауға қатысты шариғат не дейді? ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл адыраспанды дизенфекция ретінде қолдану шариғатымызға еш қайшы келмейді дейді. #аудиокітап #әсерліәңгіме #ғибратты #салтдәстүр #аудиокниги #аудиокітаптар #әсерліәңгімелер #ғибраттыәңгіме #адыраспантұтату #адыраспан #адраспан #салтдастур #влогказакша #влогкаждыйдень #влогқазақша Өзгеде видеолапымды қарап шығыңыз
Back to Top