Мен бұл әлемге құр алақан келгенмін, құр алақан кетіп барамын.
☘️ Мен, Сүлеймен, сұлтан Сәлім ханның баласы, Хафса Айша сұлтанның баласы, Ұлы Османлылар әулетінің оныншы падишахымын.
☘️ Мен әлемді билеген, Шығыс пен Батысты тізе бүктірген Сүлейменмін.
☘️ Мен топырақтан жаралдым, жер қойнына аттанамын. Мені досымның дауысы шақырып жатыр.
☘️ Адам өлгенде оның жүрегіне не болады? Қан мен жан кеткен соң не қалады? Сана мұны түсіне алмайды. Тек жүрек қана шындықты біледі.
☘️ Бұл - үлкен мереке, қуанышты кездесу. Кез келген құлына сыйлай бермейтін тамаша өмір сыйлағаны үшін Жаратушыма мың алғыс!
☘️ Төбемде көк аспан созылып жатты, таулардың арасынан самал жел соғып тұр. Тамырым тереңге кетті.
☘️ Мен тағы да, тәжі де жоқ Сүлейменмін. Өзіммен бірге тек махаббат пен достықты әкетіп барамын. Мен ояну үшін кетіп барамын. Осыны біліп қойыңдар! Біліңдер және есте сақтаңдар! Билік бітті, енді қайғы мен мұң жоқ. Түсім бітті, енді билік те жоқ, тәж де жоқ.
☘️ Мен бұл әлемге құр алақан келгенмін, құр алақан кетіп барамын. Тек бір уыс топырақ қалды. Бұл өмірде бір Сүлейменнің, Жаратушының