Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту үшін АҚШ-қа көшпек

Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшпек. MTV USA бағдарламасына ағылшын тілінде сұхбат берген танымал отандасымыз осындай мәлімдеме жасады. Ол құрама штаттарға шығармашылығын дамыту мақсатында қоныс аудармақшы. Әнші сондай-ақ ата-анасы мен жанкүйерлері оны әрдайым шабыттандыратынын айтып, Қытайдағы тыңдармандарына алғысын білдірді. Ерекше дауыс иесінің әлеуметтік желідегі оқырмандары оның Америкаға көшу жоспарын құптап, сәттілік тілеп жатыр. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top